Қауіпсіздік
8 минут оқуЖеке деректердің жария болып кеткенін анықтаған жағдайда не істеу керек?
Егер сіз жеке деректеріңіздің ашық қолжетімділікте екенін анықтасаңыз, ҚР ЦДИАӨМ (МЦРИАП) Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне (КИБ) жүгініңіз және ұсыныстармен танысыңыз.

Өтініш беру үшін қажетті деректер
Өтініш беру үшін құқық бұзушылық фактісін растайтын материалдарды ұсыну қажет:
- Өтініш берушінің аты-жөні, байланыс деректері;
- Құқық бұзушылық орын алған жағдайдың сипаттамасы;
- Құқық бұзушылықтың мерзімі мен уақыты;
- Құқық бұзушылықты растайтын нақты материалдар;
- Құқық бұзушылыққа жол берген тұлға/ұйымның атауы.
Айыппұл туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін 10-нан 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін әкімшілік айыппұл қарастырылған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 79 және 641-баптарына сәйкес, «Ақпараттандыру туралы» заң мен заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік, ал жеке өмірге қол сұқпау және заң талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 147-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Ұсыныстар
- Операцияларды (төлемдер, аударымдар және т.б.) растауға арналған SMS кодтарын ешкімге хабарламаңыз.
- Банк картасының артқы жағындағы CVV/CVC кодымен бөліспеңіз.
- "Электрондық үкімет" веб-порталы немесе EgovMobile қосымшасы арқылы "СТОП-КРЕДИТ" қызметін қосып, несие алудан ерікті түрде бас тартыңыз.
- Қаржылық аккаунттарды қосымша қорғау үшін екі факторлы аутентификацияны іске қосыңыз.
- Қаржылық аккаунттарыңыз үшін бірегей және күрделі құпиясөздерді қолданыңыз.
- Өзіңізге банк қызметкері ретінде таныстырған бейтаныс адамдармен әңгімені дереу үзіп, банктің ресми байланыс деректері арқылы қайта қоңырау шалыңыз.
- Үшінші тарап қосымшаларын, соның ішінде қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын жүктемеңіз және орнатпаңыз.
- Әсіресе белгісіз жіберушілерден келген электрондық хаттардағы тіркемелерге сақтықпен қараңыз.
- Сенімсіз веб-ресурстарға жеке ақпарат бермеңіз.
- Күмәнді сайттарға кіруден аулақ болыңыз.
- Қаржылық операцияларды тұрақты түрде бақылап отырыңыз.